Отанға деген сүйіспеншілікпен
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде ұлттық мереке –Республика күніне орай «Қазақстан – бірлік пен болашақ мекені» салтанатты концерті өтті.
Сахна төрінен күмберлеген домбыраның үні төгіліп, мың бұралған бишілер ұлттық биді нақышына келтіріп орындады. Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімге толы әсем әндер шырқалып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Жастар саясаты департаменті және студенттердің күшімен ұйымдастырылған концерт көпшіліктің көңіленен шығып, ешкімді бейжай қалдырмады.
Бағдарлама аясында көрермендердің Қазақстан туралы білімін сынайтын интерактивті ойын ұйымдастырылып, жалынды флешмоб ұсынылды.
Мерекелік кештің әрбір шығармашылық нөмірінен туған жерге деген құрмет пен Отанға деген шынайы сүйіспеншілік айқын сезілді. Әсіресе, Ескендір Хасанғалиевтің әйгілі «Атамекен» әні орындалған сәтте залдағы көрермендер орындарынан тұрып, әнді ерекше ықыласпен қарсы алды.
Республика күні құтты болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендеп, мерейі әрдайым үстем болсын!
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей