Қазақстан мемлекеттігі: тарих пен болашақ
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Республика күніне орай «Қазақстан мемлекеттігінің конституциялық негіздері: құқықтар, жауапкершілік және тұрақты даму» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара «Республика және Конституция: Жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты интеллектуалдық-білім беру апталығы аясында ұйымдастырылды.
Конференцияға «Әділет» партиясы қалалық филиалының өкілдері, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өкілдері, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің, Рудный индустриялық университетінің және Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер мен магистранттар қатысты.
Қатысушылар Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи негіздерін, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді, конституциялық өзгерістерді және әлеуметтік, экономикалық әрі ғылыми салалардың даму бағыттарын талқылады. Баяндамалар тақырыптың өзектілігімен және мазмұндылығымен ерекшеленді.
Конференция барысында ғылым мен білімді дамыту, экономиканы нығайту, қоғамдық келісім мен азаматтық бірлікті сақтау ел өркендеуінің маңызды шарттары екені атап өтілді. Конференция материалдары 25 қазанда университеттің ресми сайтында жарияланады.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей