Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Көшбасшылық қырларын көрсетті

Бүгін ҚИнЭУ студенттері үшін Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының ұйымдастыруымен «Менің көшбасшылық суперресурсым» атты шеберлік сабағы өтті. Іс-шараның арнайы қонағы - Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Ақ ерке» білім беру орталығының құрылтайшысы Елена Владимировна Венгерская.

Шеберлік сабағы «Бизнес-ойлау және көшбасшылық негіздері» пәні аясында ұйымдастырылып, студенттердің тұлғалық әлеуетін ашуға, көшбасшылық қасиеттері мен өзін-өзі талдау дағдыларын дамытуға бағытталды.

Бұл жолы студенттерді дәстүрлі дәрістің орнына интерактивті ойындар мен практикалық тапсырмалара күтіп тұрды. Олардың көмегімен қатысушылар өздерін тереңірек танып, мықты тұстарын анықтауға және алға қойған мақсаттарына жету үшін жеке мүмкіндіктерін қалай пайдалануға болатынын түсінуге мүмкіндік алды.

Сабақ барысында көшбасшылық құзыреттерді дамыту тәсілдеріне және студенттердің бойындағы осы қасиеттердің көрінісін бағалауға мүмкіндік беретін практикалық көрсеткіштерге - шағын метрикаларға ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шараның маңызды бөлігі - «Толық адам» тұжырымдамасымен сабақтастығында. Аталған тұжырымдама тұлғаның үйлесімді дамуын, адамгершілік жауапкершілігін және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын көздейді. Бұл құндылықтар ҚИнЭУ түлегінің заманауи моделін қалыптастыруда ерекше маңызға ие.

Өйткені көшбасшылық –ең алдымен өзін танудан, өзінің мықты тұстарын түсінуден және үнемі дамуға ұмтылудан басталады.

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы