Ел дамуының стратегиялық бағыттары
Бүгін Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Биылғы Жолдау «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталады.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбекм ұжымдары қатысты.
М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері де Мемлекет басшысының Жолдауын тікелей эфирде тыңдады.
Президент биылғы Жолдаудың ерекше маңызын атап өтіп, елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның алдағы даму бағдарын айқындайтын негізгі міндеттер мен маңызды бастамаларды белгіледі.
Жолдауда экономиканы нығайту, инфрақұрылымды дамыту, цифрландыруды жеделдету, халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік саясатты жетілдіру мәселелеріне басымдық берілді.
Мемлекет басшысы Қазақстанның ауқымды құрылыс алаңына айналатынын атап өтті. Елдің барлық өңірінде құрылыс жұмыстарын жандандырып, әсіресе ауруханалар, мектептер, мәдениет және спорт нысандары сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттарды салуға ерекше көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар Президент білім мен ғылымды дамытуға, инновациялар мен озық технологияларды енгізуге баса назар аударды. Қазіргі заманда жасанды интеллект пен жаңа технологияларды тиімді меңгеру елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экономикалық өсімге жол ашады.
Еліміздің тұрақты дамуы үшін білікті ғалымдар, кәсіби инженерлер, білімді ұстаздар мен жоғары білікті дәрігерлер қажет. Осы тұрғыда сапалы білім беру, адами капиталды дамыту және жас ұрпақтың кәсіби әлеуетін арттыру айрықша маңызға ие.
🇰🇿Мемлекет басшысының Жолдауы ел дамуының басым бағыттарын айқындап, Қазақстанның экономикалық әлеуетін нығайтуға, әлеуметтік саланы жетілдіруге және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей