Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Құмар ойындар: тәуекелдер мен салдарлар

Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің заң кеңесшісі Жанна Жумагалиевна Мадиярова студенттермен «Құмар ойындар: тәуекелдер мен салдарлар» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында қазіргі қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі - лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік мәселесі талқыланды.
Жанна Жумагалиевна құмар ойындарға тәуелділіктің, әсіресе жастар үшін, үлкен қауіп төндіретінін атап өтті. Оның айтуынша, лудоманияға шалдыққан адам өміріндегі түрлі жағдайларға қарамастан, ойынға деген құмарлығын тоқтата алмайды. Ойын автоматтары, букмекерлік кеңселер мен онлайн-платформалар оңай әрі жылдам табыс табуға болатын жалған түсінік қалыптастырады. Ал ұтылған ақшаны қайтарып алуға деген ұмтылыс тәуелділікті одан әрі күшейтеді.
Дәріс барысында бәс тігуге әуестеніп, несие алып, қарызға батқан азаматтардың мысалдары келтіріліп, мұндай әрекеттердің ауыр әлеуметтік және қаржылық салдарға әкелуі мүмкін екені түсіндірілді.
Сонымен қатар студенттерге eGov электрондық үкімет порталы арқылы құмар ойындарға қатысуға өз еркімен шектеу қою мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.
Дәріс соңында студенттерге қаржылық сауаттылықты арттыру, жеке қаражатты жауапкершілікпен басқару және құмар ойындардың ықтимал қауіптерінен аулақ болу қажеттігі ескертілді.

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы