Цифрландыру тәжірибеміз – халықаралық аренада
М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректоры Нұргүл Қалиевна Удербаева мен цифрлық трансформация және AI департаментінің басшысы Алишер Амантаевич Амантаев Бішкек қаласында өтіп жатқан «Cyber4Academia – 2026: Жасанды интеллект дәуіріндегі жоғары білім және жаһандық киберқауіптер» атты халықаралық форумға қатысуда.
Форум аясында өткен «Кадрлар даярлаудағы цифрлық трансформация және киберқауіпсіздік» тақырыбындағы панельдік сессияда Нұргүл Удербаева спикер ретінде баяндама жасады. Ол университеттің цифрлық трансформация бағытындағы тәжірибесімен бөлісіп, жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану мен осы салада білікті мамандар даярлаудың маңызын атап өтті.
Бүгін форум жұмысы «Заманауи киберқауіпсіздік және университеттерде мамандар даярлау» тақырыбындағы тренингпен жалғасты. Қатысушылар ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, цифрлық ортадағы жаңа сын-қатерлерді және жоғары оқу орындарында сұранысқа ие мамандар даярлау жолдарын талқылауда.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей