Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Қонақ дәрісі

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Bereke Bank-тің антифрод басқарамасының алаяқтыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандарының қатысуымен қонақ дәрісі өтті.

Алматы қаласындағы банктің бас кеңсесінен арнайы келген мамандар Әсем Нүсіпжан мен Алина Сергеева студенттерге қазіргі таңда кең таралған алаяқтық схемалар мен күнделікті өмірде кездесетін қауіпті жағдайлар туралы айтып берді.

Қонақтар алаяқтардың адамдардың эмоциясы мен күйзелісін өз мақсаттарына қалай пайдаланатынын атап өтті.
- Алаяқтар бізден бір қадам алда жүреді. Олар адамның ең алдымен эмоциясы мен күйзелісіне әсер етеді. Мысалы, сізге біреу қоңырау шалып, сіздің атыңызға дәл қазір несие рәсімделіп жатыр дейді. Осындай сәтте адам абдырап, алаңдай бастайды. Қобалжу кезінде біз әңгімелесушінің талаптарының қаншалықты қисынды екенін тексеруді ұмытып кетеміз, - деді Алина Сергеева.

Дәріс барысында фишинг пен дропперлік мәселелерге де ерекше назар аударылды. Мамандар алаяқтардың жеке және банк деректерін қалай иемденетінін, сондай-ақ банк картасын, шотын немесе мобильді қосымшаға кіру мүмкіндігін бөгде адамдарға берудің қандай қауіп төндіретінін түсіндірді.

5 қазан 2026 жыл 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы