ҚИнЭУ мен АҚШ: халықаралық байланысқа жол
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университеті АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің өкілдерін қабылдады.
Университет қонақтары - АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташесі Элизабет (Бетси) Майер және Астанадағы АҚШ Елшілігі Қоғамдық дипломатия бөлімінің жоғары білім беру мәселелері жөніндегі маманы Ажар Қабдулинова. Оларды университеттің академиялық даму жөніндегі проректоры Жұлдыз Орынтаева Ошақбаева мен ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректоры Нұргүл Қалиевна Удербаева қарсы алды. Кездесуге халықаралық бөлімнің, оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің, ғылыми жобаларды үйлестіру және талдау секторының қызметкерлері де қатысты.
Кездесу барысында университет өкілдері ҚИнЭУ-дің қызметі, білім беру бағдарламалары, ғылыми бағыттары мен негізгі жетістіктері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс, университеттің халықаралық рейтингтердегі орны және америкалық білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.
Ресми кездесуден кейін қонақтар университет зертханаларын аралады. Олар ҚИнЭУ-дің материалдық-техникалық базасымен, заманауи зертханалық жабдықтарымен және студенттердің тәжірибелік даярлық мүмкіндіктерімен танысты.
Әңгіме барысында Элизабет (Бетси) Майер Қазақстанда болған әсерімен де бөлісті. Елге келгеніне көп уақыт болмаса да, ол Астана, Қарағанды және Қостанай қалаларында болып үлгерген. Қазақстанның өзіне ұнайтынын айтып, Қостанайға жасаған сапары мен біздің университетпен танысуы жақсы әсер қалдырғанын жеткізді.
АҚШ Елшілігінің өкілдері ҚИнЭУ-мен байланысты одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, білім беру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.
13.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей